Әзербайжан Қазақстаннан алған қарызын 15 жылдан кейін қайтарады — Сұлтанов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Қазақстаннан алған қарызын 15 жылдан кейін қайтарады — Сұлтанов

Әзербайжан Қазақстаннан алған қарызын 15 жылдан кейін қайтарады — Сұлтанов

2017 жылы халықтың мемлекетке сеніп тапсырған 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар салымының Әзербайжан халықаралық банкінде күйіп кеткелі тұрғанын алғаш сарапшылар анықтап, дабыл қаққан болатын. Кейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев та аталған мәселеге назар аударып, жауапты басшыларды бекіткен.

  • 17 Қаңтар 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владимир Косарев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтан аталған мәселенің қалай шешіліп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, Әзербайжанда қалып қойған ақшалар мәселесі туралы білгім келеді. Біз Әзербайжанның қаржы ұйымдарына аталған қаражатты қайтару туралы айта аламыз ба? Ол қаражатты жартылай жоғалтып қана қоймай, тіпті Әзербайжанның Қазақстанға қомақты қарызын лонгридтеуден өткіздік. Бізге мүмкін қаржы қатынастарына мән беретін кез келген шығар», — деді депутат Қаржы министріне.

Депутаттың сауалына Бақыт Сұлтанов байыппен жауап берді.

«Біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда, ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді. Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзербайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында, 3,5 пайыздық мөлшерлемемен 250 млн АҚШ долларының қайтарылу мерзімі 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып саналады», — дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның бірыңғай зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар инвестиция салған Әзербайжанның 
Халықаралық банкі банкротқа ұшырағаны туралы
 сотқа өтініш берген. Қаржылық проблема Әзербайжанның ұлттық валютасының құнсыздануы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған.

Соңғы жаңалықтар