Әзербайжандағы Қазақстан Республикасының елшісі Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжандағы Қазақстан Республикасының елшісі Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін тапсырды

Әзербайжандағы Қазақстан Республикасының елшісі Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін тапсырды

Баку. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров бейсенбі, 28-ақпанда Әзербайжандағы Қазақстан Республикасының еллшісі болып жуырда жаңадан тағайындалған елшісі Серік Пірімбетовты қабылдады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Ақпан 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

Әзербайжанның сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін табыс ете тұрып, Серік Пірімбетов оны еліміздегі саяси, экономикалық жағдай және Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Әзербайжанның екі жақты қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап көрсетті.

Эльмар Мамедьяров өз кезегінде екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіндегі өзара қарым-қатынасты жалғастыра беру және кеңейте түсу қажеттігін айтты. Жаңа салалардағы ынтымақтастықты дамыту және елшінің осы саладағы тиімді жұмысын іске асыру маңыздылығын атап көрсетті.

«Кездесу барысында, сондай-ақ, аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық, аймақтық жобаларға қатысу, Каспий теңізін делимитациялау және өзара қызығушылық тудырып отырған тағы да басқа мәселелер бойынша пікір алмасылды», — деп атап көрсетті Сыртқы істер министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті