Ажал жолы: Тағы қанша адам өлуі тиіс? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ажал жолы: Тағы қанша адам өлуі тиіс?

Ажал жолы: Тағы қанша адам өлуі тиіс?

Ақтөбеде жаяу жүргіншілерге арналған жолағы жоқ жолда тоғыз адам қаза тапқан.

  • 23 Қазан 2019
  • 81
Фото - Caravan.kz

Адамдар аялдамаға жету үшін жорғалап жүр. Басқа амалдары жоқ. Өйткені, жолды салғандар жаяу жүргінші өтетін орын тастамаған. Аялдама атымен жоқ. Есесіне жол бойын қоршауды ұмытпапты. Әкім-қаралар ауыл тұрғындарының жанайқайына құлақ түру үшін тағы қанша адам өлуі тиіс?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ақтөбе мен Мәртөкті жалғап тұрған бұл жерді «Қызғалдақты» бекетінің тұрғындары «Ажал жолы» атап кеткен. Жұртты тыңдасаң, барлық пәле осы тас жолды жөндегелі басталды деп шу етті. Соңғы бес жыл да дәл осы тұста тоғыз адамды көлік қағып , қайтыс болған. Жолдың шетіндегі қаптаған мына құлыптас-ескерткіштер сол қайғылы оқиғалардың куәсі.

Мырзагүл Елтезерова, Қызғалдақты разьездінің тұрғыны: "Талай случайлар болып жатыр. Мына алты ай бұрын алған келініміз немере қайнымызға , соны да қағып кетті. Осы жерде 5-6 адам, күйеу балам бар еді, оны да қағып кетті, жездем бар еді 60-қа келген пенсионер , ол да үлгере алмай, кешкісін түсіп, оны да қағып кетті. Бар жерге айттық, арыздандық, онымен ешкім қолдап жатқан жоқ".

Жасы бар, кәрісі бар үйіндегілер қалаға шықса — шыбын жандары шүберекке түюлі. Қоғамдық көлікке отырып кеткенше мазалары болмайды. Өйткені, жол бойының бәрі кедергі. Шойын жолдың бойын жағалап, еңкейіп, бүкшеңдеп әрең өткенде, тас жолдағы қоршаулар тағы бар.

Асқар Тойбазаров, Қызғалдақты разьездінің тұрғыны: «Осы жол салынғаннан кейін мына темірмен қоршалып, асфальттағы остановканы алып тастады. Бірінші очередь адам өтетін пешеход және зхамануи сигнализация ма, сотндай салса және остановка салып берсе. Сол өтінеріміз. Үлкен адамдар мына темірдің бір метр темірден аттап өтеді, өте алмаса-астынан өтеді».

Жаяу жүрінші жолағы болмағаннан кейін көліктер де аялдап, жылдамдықты баяулатуға жоқ. Ерсілі-қарсы ағылып жатыр. "Қызғалдықтының" тұрғындары сондай көліктің біреуі жазым ете ме деп әбден қорқады.

Мағрупа Хайруллина, Қызғалдақты разьездінің тұрғыны: «Мен секірмеймін, киімнің ілгегі бәрі түсіп қалды. жатып, былай түсем. Ана келе жатқан машина қағып кетеді шығар бір күні».

Ауылдың үлкендері алаңдайтындарын айтып үлгергенше болмады, жүйткіген көп көліктің бірі көз алдымыз да төрт аяқты жануарды қағып кетті.

Бекетте 50 шақты түтін бар. Ауылдың балалары көрші Қурайлыға қатынап оқиды. Тұрғындардың дені қалада жұмыс жасайды. Екі ортаға қатынайтын жалғыз қоғамдық көлік бар. Оның өзі арнайы аялдама болмағаннан кейін әр жерге тастап кетеді деп отыр.


Разъездің тұрғындары күн сайын қалаға қатынау үшін осылай жолға шығуға мәжбүр. Өздеріңіз көріп тұрғандай , мына жерде аялдама да жоқ. Халық қолын көтеріп автобусты тоқтатады. Ол да кейде тоқтап, кейде тоқтамайды деп отыр».

Аялдаманы ауылдықтарға әлі бір жыл күтуге тура келеді. Астана ауданы әкімдігіндегілдер мәселеден хабардар болғанымен, соңғы шешімді қаланың билігі қабылдайды деп отыр.

Алмаз Жақсылықов, Астана ауданы әкімінің орынбасары: «Ұсыныстар жолданды. Қазіргі таңда қаржы мәселесіне байланысты әрі қарай жұмыстар атқарылады. Жоспарға биыл енгізілді жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау. Келесі жылы аталған жұмыстар толығымен орындалады деп».

Халықаралық жолдың құрылысын салғандар, жобаны бекітіп, артынша қабылдап алғандар титтей бекеттің мәселесін ескермегенін тұрғындар әлі де түсіне алар емес. Арман болған аялдаманы салып бергенше, халықтың басының амандығына өзі жауап беруден басқа амалы қалмай тұр.

Соңғы жаңалықтар