Азиада: Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада: Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр

Азиада: Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр

 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы жарыстардың осы уақыттағы нәтижесі бойынша, Қазақстанның құрамасы бейресми жалпы командалық есепте бірінші орында тұр.

  • 1 Ақпан 2011
  • 562
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның қоржынында барлығы 27 медаль бар, оның 10-ы алтын, 10-ы күміс, 7-еуі қола.

Екінші орында 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медальді иеленген оңтүстік корейлік спортшылар келеді.

Жапон құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлделерімен үшінші орынға орналасты. Азиаданың басты командасы есептелініп келген қытайлық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола наградамен әзірше төртінші орында тұр.

Үздік бестікті бір-бір қола медальді еншілеген Иран және Моңғолия құрамалары тұйықтап отыр.