Әзірбайжан Қазақстан Республикасы Президентінің ИЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде арнайы орган құруға байланысты бастамасын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзірбайжан Қазақстан Республикасы Президентінің ИЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде арнайы орган құруға байланысты бастамасын қолдайды

Әзірбайжан Қазақстан Республикасы Президентінің ИЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде арнайы орган құруға байланысты бастамасын қолдайды

Бүгін Бакуде, Әзірбайжан Республикасына жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары М. Өмірьяев ӘР Сыртқы істер министрінің орынбасары Х. Халафовпен және ӘР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Б. Алиевпен екі жақты кездесулер өткізді.

  • 1 Қазан 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz

Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен Астана қаласында 28-30 маусым аралығында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында айтылып, мұсылман әлемінде кең қолдауға ие болған ИЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде арнайы органын құру жөніндегі бастамасын талқылау аясында өтті.

Осыған байланысты, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің көкейкестілігі, сондай-ақ Қазақстан басшысының беделі ескеріле отырып, Президент Н. Назарбаевтың бастамасы Әзірбайжан тарапынан жан-жақты қолдауға ие болды.