Жарияланды: 390

Әзірбайжаннан қазақстандық қылмыскер экстрадицияланды

Бас прокуратураның сұратуы бойынша Әзірбайжаннан қазақстандық қылмыскер экстрадицияланды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. 25 мамырда Бас прокуратураның сұратуы бойынша Әзірбайжаннан екі тонау фактісі бойынша айып тағылып отырған Қазақстан Республикасының азаматы Махир Оруджев экстрадицияланды. Бас прокуратурадан анықтағандай, М.Оруджев пиғылын жүзеге асырғаннан кейін 2005 жылы ізін суытқан, кейін оған халықаралық іздеу жарияланды. 2008 жылы күдіктінің Әзірбайжан Республикасының аумағында жүргендігі анықталып, Қазақстанның құзырлы органдары қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны қайтаруды сұрады. Бірақ Оруджев ол уақытта Әзірбайжанның түрмесінде басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқандықтан, экстрадициялау мәселесі 2010 жылға қалдырылды. «Қазіргі уақытта күдікті тергеу абақтысына орналастырылды. Қылмыстық істі Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімі тергеуде», - делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть