Жарияланды: 440

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес аясында кең ауқымды хатшылық құру көзделіп отырған жоқ - ҚР СІМ-нің орынбасары

Дәл қазіргі таңда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес аясында басқа да халықаралық ұйымдармен бірдей кең ауқымды хатшылық құру көзделіп отырған жоқ. Бұл туралы бүгін, 26-қарашада Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов атап көрсетті.

"Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің бюжетін қабылдау- кеңестің толыққанды халықаралық ұйымға айналғанын меңземейді. Кеңестің әртүрлі іс-әрекеттерді үйлестіруге міндетті әрі көп жақты негізде жұмыс істейтін, әртүрлі өзгерістерге тез арада жауап қайтара алатын, сонымен бірге, кеңестің әр деңгейдегі кездесулері барысында алға қойылған мәселелерді шұғыл шеше алатын өзіндік органы болуы тиіс",- деді министрдің орынбасары. Қ.Әбусеитовтың пікірінше, хатшылық Азиядағы сенім шараларының Каталогында айқындалған шараларды жүзеге асыруға қолұшын беретін басты тетікке айналуы тиіс. "Шілде айындағы отырыста арнайы жұмыс тобы тарапынан жасалған сан жағынан шағын, мобильді әрі тиімді хатшылық құру жөніндегі ұсыныс Алматы актісінде белгіленген тәртіптермен үндес. Онда кеңес өзара диалог және ақыл-кеңеске арналған көп жақты форум ретінде айқындалған",- деп пайымдайды Қ.Әбусеитов. Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес елдерінің сыртқы істер министрлерінің 2004-жылғы кездесуіне дейін оның тұрақты бюджетін құру туралы шешімді қабылдау, Қ.Әбусеитовтың айтуынша, "Алматы саммитінде ортаға салынып, Алматы актісінде көрініс тапқан идеяларды болашақта жүзеге асыруда айрықша маңызға ие". Бюджет тұрақты жарнадан құрала ма , әлде оны қалыптастырудың басқа әдістемесі таңдала ме деген мәселе осы жолғы кездесуде шешімін табуы тиіс. Қ.Әбусеитовтың пайымдауынша, "арнайы жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында айқындалған бюджет мәселесі бойынша пікір-көзқарас қайшылығы бүгінгі кездесу барысында еңсеріледі".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін