Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шараларының Каталогы - ұйымға мүше-мемлекеттердің саяси декларациясы болып табылады - ҚР СІМ-нің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шараларының Каталогы - ұйымға мүше-мемлекеттердің саяси декларациясы болып табылады - ҚР СІМ-нің орынбасары

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шараларының Каталогы - ұйымға мүше-мемлекеттердің саяси декларациясы болып табылады - ҚР СІМ-нің орынбасары

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шараларының Каталогы - ұйымға мүше-мемлекеттердің белгілі бір сипаттағы саяси декларациясы болып табылады. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов атап көрсетті.

  • 7 Шiлде 2003
  • 589
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, кеңеске мүше мемлекеттер бір, екі немесе көп жақты негізде дәл қандай шаралар қолдану қажеттігін кейінірек өз беттерімен білдіретін болады. «Ал бүгін біз барлық мәселелерді, соның ішінде Кеңес хатшылығының осы бағыттағы ролін жан-жақты талқылауымыз керек»,- деді Қ.Әбусеитов.

«Бүгінде Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске қатысуға ниет білдіруші мемлекеттер саны арта түсті. Кеңес өз тарапынан мұндай ниетке қолдау танытады, әрі ондай өтінішті жерге тастай алмайды»,- дей келіп Қайрат Әбусеитов : «Кеңес ауқымын кеңейту — тым өзекті мәселе емес, дегенмен бұл- болашақтың ісі. Жалпы, кеңес аясын кеңейту- жан-жақты ойланып-толғанылмаған, атүсті шешіле салатын мәселе емес»,- деді.
«Бірінші кезекте ұйымға жаңа мүшелер қабылдаудың басты принциптері, шарттары мен процедуралары айқындалуға, нақтырақ айтсақ, құқықтық негізі қалануға тиіс»,- деді Қайрат Әбусеитов.

Соңғы жаңалықтар