Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдер "Талибан" өкілдерінің Ауғанстанда адамдарды кепілдікке алуын айыптайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиядағы өзара ықпалдастық  және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдер "Талибан" өкілдерінің Ауғанстанда адамдарды кепілдікке алуын айыптайды

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдер "Талибан" өкілдерінің Ауғанстанда адамдарды кепілдікке алуын айыптайды

АЛМАТЫ. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдер "Талибан" өкілдерінің Ауғанстанда адамдарды кепілдікке алуын айыптайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Тамыз 2007
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдер Ауғанстан Ислам Республикасының Ғазни провинциясы Қарабақ ауданында жергілікті тұрғындарға білім және денсаулық саласында қызмет көрсетіп жүрген Корея Республикасының 23 бейбіт азаматын 2007 жылдың 19 шілдесінде ауғандық «Талибан» қозғалысының кепілге алуын үзілді-кесілді айыптайды»,- делінген кеңестің кеше таратқан мәлімдемесінде.

«Оңтүстиік Корея Республикасы мүшесі болып табылатын Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдер 2007 жылдың 26 және 31 шілдесінде «Талибан» өкілдерінің бейкүнә тұтқындар діни қызметкер, пастор Баэ Хюң-кюді және Шим Суң-мин мырзаны жауыздықпен өлтіруіне орай қатты қайғырады және марқұмдардың туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады».

«Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрлаулылықты диалог, консультациялар және келіссөздер арқылы қамтамасыз етуге бағышталған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің мақсаттарын назарға ала отырып біз тұтқында қалып отырған қалған азаматтарды тез арада әрі сөзсіз босатуға шақырамыз. Сондай-ақ біз барлық мүдделі тараптарға осы мәселенің шешілуіне барынша атсалысуды өтініп үндеу тастаймыз»,делінген құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті