«Бүгінде ауыл шаруашылығы азық-түлігін өндіру мен оны тұтыну деңгейі сәйкес келмейді. Мәселен, Қазақстан өте көп ауыл шаруашылығы өнімін өндіреді. Атап айтқанда, бұл ел Орталық Азияда негізгі астық өндіруші мемлекет. Алайда, Қазақстандағы халық саны айтарлықтай көп емес. Осы орайда өндірілген азық-түлікті көптеп пайдаланатын Қытай, Үндістан секілді мемлекеттер астықты қажетті көлемде өндірмейді»,-деді ол.
М. Абидиннің пайымдауынша, қазіргі кезде жанар-жағармай бағасы мен ауыл шаруашылығының азық-түлік саласында белгілі бір байланыс қалыптасып отыр. Бұл тұрғыда осыған қоса алып-сатарлық элементтері бар.