Жарияланды: 40

Азық-түлікке жұмсайды: Қазақстандықтардың ақша жинау мүмкіндігі жоқ

Азық-түлікке жұмсайды: Қазақстандықтардың ақша жинау мүмкіндігі жоқ Сурет - egemen.kz

Қазақстандықтар табысының тең жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды, деп айтылды Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарапшылар жариялаған рейтингіде Қазақстан 104 елден тұратын тізімде 96-орында тұр. Қазақстанның алдында Гондурас, Камбоджа, Гана елдері тұр.

"Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі - 44,9 пайыз. Рейтингіде көш бастап тұрған елдердің тізімінде АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия және Аустрия бар. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Германия мен Нидерланды елдері кірді", - делінген зерттеуде.

Осылайша, сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды. Нәтижесінде оларда ақша жинау мүмкіндігі болмайды дейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін