Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы Қазақстан медицинасының дамуына үлкен үлес қосуда - Ұзақбай Қараманов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы Қазақстан медицинасының дамуына үлкен үлес қосуда - Ұзақбай Қараманов

Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы Қазақстан медицинасының дамуына үлкен үлес қосуда - Ұзақбай Қараманов

"Қайта құрудан кейінгі өтпелі кезеңде өмірге келгеніне қарамастан, академик Бейнеш Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді", - деді

  • 3 Маусым 2011
  • 1190
Фото - Caravan.kz

қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманов бүгін Алматыда өз жұмысын бастаған «Теориялық және клиникалық медицинаның қазіргі заманғы мәселелері» деп аталатын ТМД елдерінің жас дәрігер-ғалымдарының ХІ конференциясында.

«Осыдан 20 жыл бұрын Үкіметке академик Бейнеш Жарбосынов урология ғылыми орталығын құру туралы идеямен шықты. Қайта құрудан кейінгі өтпелі кезеңде дәрі-дәрмек тұрмақ хирургтар операция жасағанда оны тігетін жіптің өзі тапшы болатын. Осыған қарамастан келешекті дәл болжайтын білгір ғалымның ұсынысына қолдау көрсетіп, ғылыми орталықты құру туралы қаулыға өз қолымды қойдым», — деді Ұзақбай Қараманұлы.

Оның айтуынша, ТМД елдерінің жас дәрігер-ғалымдарының ХІ конференциясының Бейнеш Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының 20 жылдық мерейтойына арналуы кездейсоқ емес. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдымен тұспа-тұс келіп отырған бұл орталықтың Қазақстан медицинасының урология саласының дамуына өз ықпалын тигізді. Алдағы уақытта да зор үлесін қоса беретіне ешкім күмәнданбайды. Өйткені мұнда 20 жылда көптеген мамандар дайындалды. Ал олардың келешегі алда.

Конференция кезінде Ғылыми орталықтың директоры, профессор Мырзакәрім Алшынбаев ұжым қызметкерлері атынан ерен еңбегі үшін Ұзақбай Қарамановқа шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. М. Алшынбаевтың айтуынша, Урология ғылыми орталығы сол кезде Кеңес Одағы республикалары ішінде Грузия, Украина және Ресейден кейін төртінші боп Қазақстанда ашылған.

Соңғы жаңалықтар