БАӘ экономикалық үлгісі Қазақстан халқының саны 200-300 мың адам болған жағдайда ғана мүмкін
![]() |
Бірікке Араб Әмірлігінің (БАӘ) экономикалық үлгісі Қазақстанда халық саны 200-300 мың адам болған жағдайда ғана болуы мүмкін, деп есептейді Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко |
«Мүлтіксіз жүйе (экономикалық – ҚазТАГ) өмірде жоқ. БАӘ мен Кувейт үлгісі біздің мұнай экспортының көлемінде халық саны 200-300 мың болған жағдайда ғана болуы мүмкін», - деді Г. Марченко, profinance.kz форумында осы сияқты сауалға жауап беріп.
БАӘ халқы ешқандай салық төлемейтіндігі белгілі. Тек мұнай концессиясының иелері (55%) мен коммерциялық банктер ғана (20%) корпоративтік салық төлейді. ҚҚС мен айналымнан түсетін салық та жоқ.
БАӘ азаматтары мен олар ашқан кәсіпорындар салық төлемейді. Олар тек импорттық баж салығын төлейді (сырттан әкелінетін тауарлардың 5-10% көлемінде).
Одан басқа, БАӘ азаматтарының жеке шоттарына сатылған мұнайдан түскен пайда пайызы келіп түсіп отырады.
Сауд Арабиясының экономикасы мұнай саудасына негізделген. Ол елдің жалпы ішкі өнімінің 45 %-ын құрайды. Бюджет кірісінің 75 % мен экспорттың 90 % мұнай өнімдерінің экспорты. Мұнайдың зерттелген қоры 260 млрд бөшке (Жер шарындағы зерттелген мұнайдың 24 %). Бұл ретте Сауд Арабиясында бұл көрсеткіш жаңа ашылған кеніштер есебінен үнемі өсіп келеді.
БАӘ халқының саны 5 млн адам.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін