БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендеп кетті

БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендеп кетті

 

  • 10 Наурыз 2022
  • 82
Фото - Caravan.kz

Сауда деректеріне сәйкес, Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 12 пайызға төмендеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5:00-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 112,51 долларға, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 109,27 долларға дейін төмендеген.

Мұнай бағасына БАӘ-нің АҚШ-тағы елшісі Юсуф әл-Утейбудың
мәлімдемесі
әсер еткен. Ол БАӘ мұнай өндірісін арттыруды жақтайтыны және ОПЕК-те тиісті шешім қабылдауға ниетті екені туралы айтқан болатын.

Өткен аптада мұнай Brent және WTI үшін шамамен 20 пайызға және 25 пайызға қымбаттады, қазір мұнай бағасы 2008 жылғы деңгейде.

Соңғы жаңалықтар