Баға өссе, жалақы да жоғарылауы тиіс: министр ұсынысты қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баға өссе, жалақы да жоғарылауы тиіс: министр ұсынысты қолдады

Баға өссе, жалақы да жоғарылауы тиіс: министр ұсынысты қолдады

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, жалақыны инфляцияға қарай өсіріп отыруға жұмыс берушілер бірлестігі қарсы шыққан. Дегенмен кәсіподақтармен жеке жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе әрі қарай пысықталмақ

  • 17 Ақпан 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

 Қазақстандықтардың жалақысын инфляцияға байланысты өсіріп отыру заңдық тұрғыда бекітілуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіподақтар федерациясының ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.  .

Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында кәсіподақтар федерациясы жұмысшылардың жалақысын тұрақты түрде индексациялауды заңдық тұрғыда бекітуді ұсынды.

Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов бұл бастаманы қолдады.

"Жалақы индексациялануы керек деп санаймын. Өкінішке қарай, біздің заңда әзірге мұндай норма жоқ. Еңбек қатынастары әлеуметтік серіктестікке құралады. Мемлекеттің де, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің де мүдделері ескеріледі", деді ол алқа отырысынан кейін.


Оның айтуынша, жалақыны инфляцияға қарай өсіріп отыруға жұмыс берушілер бірлестігі қарсы шыққан. Индексация мәселесінің еңбек заңнамасында көрсетілмеу себебі де осы.

"Кәсіподақтармен жеке жұмыс тобы құрылып, біз осы мәселені әрі қарай пысықтаймыз", — деді Нұрымбетов.