"Байқоңыр" ғарыш айлағында айлақ нысандарының күзет қызметінің екі қызметкері жол апатынан қаза тапты (нақтыланған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байқоңыр" ғарыш айлағында айлақ нысандарының күзет қызметінің екі қызметкері жол апатынан қаза тапты (нақтыланған нұсқасы)

"Байқоңыр" ғарыш айлағында айлақ нысандарының күзет қызметінің екі қызметкері жол апатынан қаза тапты (нақтыланған нұсқасы)

Байқоңыр. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Байқоңыр" ғарыш айлағында айлақ нысандарының күзет қызметінің екі қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Тамыз 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

Кеше түстен кейін саған 14.00 шамасында ғарыш айлағының ішіндегі темір жолдың «Московская» бекетінің маңында автокөліктің аударылуы салдарынан айлақ нысандарының күзет қызметінің екі қызметкері қаза тапты.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, айлақ нысандарының күзет қызметінің үш қызметкері ғарыш айлағының №113 алаңындағы жұмыс орнынан олардың біреуіне тиесілі «Мазда-626» жеңіл көлігімен қайтып келе жатқан. Белгісіз себеппен көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлігімен жолдан шығып, аударылып кеткен. Апат салдарынан жүргізуші мен алдыңғы орында отырған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Екінші жолаушы жеңіл жарақататр алған. Қазір тергеу органдары апаттың себептерін анықтап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар