Жарияланды: 340

«Байқоңыр» ғарыш алаңынан «Луч-5Б»/«Ямал300К» ғарыштық аппараттары ұшырылды

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 03:04-те «Байқоңыр» ғарыш алаңынан «Протон-М» зымыран-тасығышы арқылы «Луч-5Б»/«Ямал300К» ғарыштық аппараттары ұшырылды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен. Зымыранның ұшуы штаттық бағдарлама бойынша өтті. Ұшырылуға байланысты болуы мүмкін зардаптардың алдын алу үшін сағат 01:04-тен 04:04-ке дейін ҚР ТЖМ Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының апаттық-құтқару күштері мен ТЖ бойынша департаменттерінің құралдары жоғары дайындық режімінде болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін