Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын  "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады

Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады

Байқоңыр. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі М.Хруничев атындағы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Наурыз 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағының мамандары «АМС-14» ғарыш аппаратын ұшырылымға дайындаудың кезекті цикліне кірісті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 92А-50 алаңның монтаж-сынақ кешенінде зымыран тасығыштың ғарыштық бас бөлігін құрастыру операциялары басталды.

Байқоңырдан «АМС-14» ғарыш аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.

«АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті