Ғарыш айлағының мамандары «АМС-14» ғарыш аппаратын ұшырылымға дайындаудың жұмыстарын жалғастыруда.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 92А-50 алаңның монтаж-сынақ кешенінде зымыран тасығыштың ғарыштық жалпы бөлігін құрастыру жұмысы басталды.
«Бриз-М» ауыспалы жүйесі мен «АМС-14» ғарыш аппаратынан тұратын ғарыштың бас бөлігіне түйістіру іске асырылады.
Жалпы ғарыш тасығышын құрастыру жұмыстары аяқталғаннан соң, алдағы аптаның басында «Протон-М» зымыран тасығышының «Бриз-М» үдеткіш блогын төменгі қысымды бактарын жанармаймен толтыру үшін техникалық отын құю стансасына жеткізіледі.
Байқоңырдан «АМС-14» ғарыш аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.
«АМС-14» телекоммуникациялық серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті