Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" спутнигін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда АҚШ-тың  "АМС-14" спутнигін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" спутнигін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңыр. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" спутнигін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

  • 29 Ақпан 2008
  • 434
Фото - Caravan.kz

«АМС-14» ғарыш аппаратын алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының дайындық жұмыстары барысында ғарыш айлағының мамандары келесі операцияға кірісті.

Бүгін таңертең №31 алаңның жанармай құю станциясында осы жерге кеше жеткізілген «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғары қысымды бактарына отын компоненттері мен сұйытылған газ құйыла абстады.

Жанармай құю екі күнге созылып, бұдан кейін «Бриз-М» үдеткіш блогы №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда «АМС-14» ғарыштық аппаратымен және өтпелі жүйемен түйістіріледі.

«Бриз-М» үдеткіш блогы америкалық «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін геостационарлық орбитаға шығаруға арналған.

Байқоңырдан «АМС-14» ғарыш аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.

«АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті