Байқоңырда дауыс беру процессінде заң бұзушылықтар болған жоқ - ЕҚЫҰ бақылаушылары - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда дауыс беру процессінде заң бұзушылықтар болған жоқ - ЕҚЫҰ бақылаушылары

Байқоңырда дауыс беру процессінде заң бұзушылықтар болған жоқ - ЕҚЫҰ бақылаушылары

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. Байқоңырда дауыс беру процессінде заң бұзушылықтар болған жоқ. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне бақылаушылар Гунтер Фрейслебен мен Дмитрий Масюк хабарлады.

  • 18 Тамыз 2007
  • 483
Фото - Caravan.kz

Халықаралық миссияның екі өкілі де техникумның салтанат залында орналасқан сайлау учаскесінің ашылуына қатысты. Бақылаушылар сайлаудың халықаралық стандарттарға сай өтіп жатқандығын атап өтті. Гунтер Фрейслебеннің түсіндіруінше, бақылаушылар сайлауды ұйымдастыруды үш критерий бойынша бағалайды — сайлаушылардың дауыс беру құпиялылығы, бақылаушыларға айқындығы және штаттан тыс жағдайлардың болмауы. «Байқоңырдың сайлау учаскелеріндегі сайлау осы талаптарға толығымен сай»,- деп мәлім етті Гунтер Фрейслебен. Дмитрий Масюк өз кезегінде партиялар мен үміткерлердің өкілдеріне дауыс беру процессін бақылау және заң бұзушылықтарды тіркеу үшін тең жағдай жасалғандығын айтып өтті.

Аймақтық комиссия мүшесі Михаил Москалевтың ақпараттарына сүйенсек, сайлау учаскелері 7 сағатта ашылып, қалыпты режимде жұмыс істеуде. Оның айтуынша, таңертеңгі сағаттарда сайлаушылырдың жоғарғы пайызының келгендігі байқалды, өткен сайлау науқанымен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.

Қалалық аймақтық комиссияның мәліметтеріне сүйенсек, таңертеңгі 11 сағаттағы жағдаймен тіркелген сайлаушылардың жалпы санының 20,3 пайызы тоғыз учаскеде дауыс берген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті