Бүгін таңертең негізгі экипаж мүшелері Сергей Волков (Ресей Федерациясы), Олег Кононенко (Ресей Федерациясы), Йи Сойон (Корея Республикасы) және дублерлер — Михаил Сураев (Ресей Федерациясы), Олег Скрипочка (Ресей Федерациясы) және ғарыштық ұшырылымның қатысушысы Сан Ко (Корей Республикасы) «Союз ТМА-12» ғарыш кемесінде жоспарланған жаттығуларды жасау үшін 254 алаңның монтаждық сынақ корпусына барды.
Жаттығу барысында негізгі және қосалқы экипаж мүшелерінің анатомиялық денесі гипске түсіріліп, оларға арналған ұшу-қону орындықтары жасалады. Сондай-ақ, олар байланыс жүйелерінің жұмысы мен ғарыш кемесіндегі құралдардың орналасуын тексереді.
Жаттығулар аяқталғаннан кейін экипаж «Союз ТМА-12» ғарыш кемесінің ұшырылымы «Союз-ФГ» зымыран тасығышы көмегімен болатын ұшырылым дайындықтарымен танысып, дәстүр бойынша ұшыру кешенінің №1 Гагарин алаңына барып, сосын №2 алаңындағы ғарыш айлағының мұражайына экскурсия жасап, жаттығуларды жалғастыру үшін «Косманавт» мейманханасына қайтады.
Ертең 28 наурызда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын «Союз ТМА-12» экипажы ұшырылымының қорытынды дайындық кезеңінің ресми мәресі басталып, ұшырылымға қатысушы мемлекеттер туларының ресми көтерілуі белгіленген.
«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесін «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ғарыш айлағының №1 алаңынан ұшыру 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті