Прокурордың мәліметтеріне сүйенсек, ҚР ІІМ өкілдігі қызметкерлері Байқоңыр қаласында РФ «Байқоңыр» кешенінің ішкі істер басқармасындағы әріптестерімен бірлесе отырып жасалаған жедел іздестіру шаралары барысында 25 жастағы қала тұрғынының пәтерінен заңмен тыйым салынған «Хизбут-Тахрир» экстремистік ұйымының әдебиетін тапқан.
«Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-1- бабының 2-тармағы бойынша қызметіне тыйым салу туралы сот үкімі заңдық күшіне енген экстремистік сипаттағы ұйым қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», — деп түсіндірді М. Ибрашев.
Прокурордың ақпаратына жүгінсек, тергеу барысында тыйым салынған әдебиеттерді таратушы бұрын осы секілді қылмыстары үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Сот-психологиялық-теологиялық сараптама тәркіленген әдебиеттің заңмен тыйым салынған экстремистік «Хизбут-Тахрир» ұйымына тиесілі екендігін анықтаған.
Жиналған дәлелдер негізінде күдіктіге жоғарыда аталған бап бойынша айып тағылған. Наурыз айының басында Байқоңыр қалалық соты 9 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгілеген айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлады М. Ибрашев.
Прокурор бұның Байқоңырдағы «Хизбут-Тахрир» мүшелерінің заңсыз қызметіне тосқауыл қойылған алғашқы оқиға емес екенін атап көрсетті. 2007 жылдың тамыз айында қаланың құқық қорғау органдары осы ұйымның үш белсенді мүшесін қолға түсіріп, соттаған. Олар 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті