Жарияланды: 350

Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңыр. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Протонды" №81 алаңның ұшырылым қондырғысына шығару жөніндегі шешім кеше мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Бүгін таңертең жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта техникалық жанармай құю станциясында "Протон-М" зымыран тасығышы темір жолмен №81 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалдана бастады. Зымыран тасығыш жеткізіліп, ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды. Қазір М. Хруничев атындағы орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексеретін болады. Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс. Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Жылдың аяғына дейін алты "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть