Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған  "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңыр. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 21 Наурыз 2008
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Протон-М» зымыран тасығышы қосалқы жабдықтарымен кеше темір жолмен Мәскеу түбіндегі М.Хруничев атындағы орталықтан Төретам станциясына жеткізілді.

Кеше қажетті кедендік рәсімдеу процедураларынан кейін зымыран тасығыш блоктары мен қосалқы жабдықтары бар вагондар ғарыш айлағының өз ішіндегі темір жол тармағымен №92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда зымырандар құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.

Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat иелігіндегі Inmarsat-4F3 жер серігі сәуір-мамыр айларында дайын болады.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышын 2008 жылғы көктемде ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті