Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 26 Наурыз 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы «Зенит-3SLB» зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде ұшыру межеленген.

Ғарыш айлағының мамандары мен AMOS-3 жер серігінің шетелдік жасаушылары №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында телекоммуникациялық ғарыштық аппаратының дербес тексерулері кесте бойынша жүргізілуде.

Сонымен бірге №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш мамандары ДМ-SLВ үдеткіш блогының басқару жүйелерінің сынақтары мен автономды сынақтарын жүргізуде.

Дайындық кестесі бойынша AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындықтары № 42 алаңның монтаж-сынақ корпусында жалғасуда.

AMOS-3 жер серігі «Зенит-3SLB» зымыран тасығышымен ұшырылады. Зымырыан тасығыштың алдағы ұшырылымы «Жер үсті ұшырылымы» деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. «Sea Launch» («Теңіздегі ұшырылым») бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын «Зенит-3SL» зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті