Байқоңырда "Мектепке баруға көмек" атты қайырымдылық шарасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда  "Мектепке баруға көмек" атты қайырымдылық шарасы басталды

Байқоңырда "Мектепке баруға көмек" атты қайырымдылық шарасы басталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 - тамыз. БАЙҚОҢЫР. Байқоңырда "Мектепке баруға көмек" атты қайырымдылық шарасы басталды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Тамыз 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

Қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, жыл сайын өтетін, осы жылы жетінші рет өтіп отырған іс-шараның мақсаты ахуалы төмен отбасыларының балаларына жаңа оқу жылына дайындық барысында көмек көрсету болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерін, жеке кәсіпкерлерді ахуалы төмен отбасыларына көмектесуге шақырды. «Байқоңырлықтардың арасында қайырымды жандар бар деген сенімдеміз»,- деп айтылған іс-шараны ұйымдастырушылардың үндеулерінде.

Іс-шараның құрылтайшыларының бірі, мектеп оқушыларына киім жинаумен айналысатын Святой великомученик Георгий Победоносец атындағы шіркеудің жанындағы проваславиелік приход болып табылады.

18-ші тамыз бен 30-шы тамыз аралығында қалада мектеп қажеттіліктерін қабылдайтын бөлімдер, сонымен қатар, қала тұрғындарының өтініші бойынша жер-жерлерге баратын жылжымалы бөлімшелер жұмыс істейді.

Өткен жылы, ұйымдастырушылардың бағалауы бойныша, «Мектепке баруға көмек» іс-шарасы ойдағыдай өтіп, ахуалы төмен отбасыларының 100-ден астам балаларына мектепке дайындалу барысында көмек көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті