Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 30 қаңтар. Қазақстан Бүгін - Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

М.Хруничев атындағы орталық мамандары №92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусында Норвегияның «Тор-2Р» телекоммуникациялық жер серігі мен өтпелі жүйені құрастыруда. Бұл жұмыстан кейін «Бриз-М» үдеткіш блогының құрамындағы ғарыштық бас бөлік, «Тор-2Р» телекоммуникациялық жер серігі мен өтпелі жүйе құрастырыла бастайды. Бұдан кейін ғарыштық бас бөлікке бас обтекатель орнатылып, ғарыштық бас бөлік «Протон-М» зымыран тасығышымен түйістіруге жіберіледі.

Салмағы 2450 килограмм болатын, 24 транспондермен қамтамасыз етілген «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. Жер серігі Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған.

«Тор-2Р» ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жалғастырады. Telenor жер серіктерінің тобы екі ғарыштық аппараттан тұрады.

«Тор-2Р» ғарыштық аппараты Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті