Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылымға дайындық кесте бойынша жүргізілуде.
«1-сәуірде 254-ші алаңның монтаж-сынақ корпусында «Союз ТМА-10» ғарыш аппаратын тексеру жұмыстары мен бас бөлігімен түйістіру жұмыстары жүргізілген. 31-наурызда «Союз ТМА-10″ ғарыш кораблі ауыспалы отсекпен түйістірілген»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
«Бұдан кейін, ұшыру дайындығының жоспарына сәйкес, «Союз ТМА-10» ғарыш кораблі зымыран тасығышы мен ғарыш кемесін құрастыру үшін 112-ші алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, ал 5-сәуірде «Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Союз ТМА-10″ ғарыш кемесімен бірге №1 алаңға ұшырылым алдындағы ақырғы дайындықтар үшін шығарылады»,- деп нақтылап өтті Федералдық ғарыш орталығындағылар.
Бұрын хабарлағанымыздай, Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияның экипажы мен «Союз ТМА-10» кемесін алып ұшатын «Союз-ФГ» зымыран тасығышы 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша 21 сағат 31 минутқа белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті