Баспасөз қызметінің хабарлауынша, №254 монтаж-сынақ корпусында жүк тасушы ғарыш кемесіне қатысты қозғалтқыш қондырғына отын мен сұйытылған газ құю алдындағы ақырғы шаралар жүзеге асырылуда. «Дайындық кестесіне сәйкес, 23-шілде, дүйсенбіде «Прогресс М-61″ транспорттық жүк кораблі №31 алаңдағы жанармай құю станциясына жеткізіледі, онда қозғалтқыштарға отын мен сұйытылған газ толтырылады», -деп хабарлайды орталық.
Осымен бір уақытта №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары мен Самарадағы «Прогресс» арнаулы орталық конструкторлық бюросының мамандары «Союз-У» зымыран тасығышының екінші сатысын құрастыруда. 17 шілдеден бастап «Байқоңыр» ФҒО мамандары мен В. Бармин атындағы жалпы машина жасау жөніндегі №1 конструкторлық бюросының пайдалану және сынақтар орталығының мамандары №1 алаңда ұшыру кешенінің жабдықтарын тексеруге және «Союз-У» зымыран тасығышы мен «Прогресс М-61» жүк кемесін қабылдап алуға дайындала бастады.
«Прогресс М-61» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.
«Прогресс М-61» жүк кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті