Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын құю жүргізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын құю жүргізіліп жатыр

Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын құю жүргізіліп жатыр

БАЙҚОҢЫР. 24-шілде. Kazakhstan Today. Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын құю жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 24 Шiлде 2007
  • 384
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары мен химиялық және транспорттық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро мамандары, осы бюроның пайдалану және сынақ орталығының мамандары № 31 алаңның жанармай құю станциясыда «Прогресс М-61» жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ құюға кірісті. «Прогресс М-61» жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ құю аяқталғаннан кейін №254 алаңының монтаж-сынақ корпусына қайта әкелініп, ғарыш кемесіне қорытынды сынақ жасалады, содан кейін бас обтекательді сынағы мен «Союз-У» зымыран тасығышпен құрастыру жұмыстары жүзеге асырылады.

«Прогресс М-61» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

«Прогресс М-61» жүк кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті