Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кемесін ұшыруға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кемесін ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кемесін ұшыруға дайындалуда

Байқоңыр. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Қараша 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің ақпараттарына сүйенсек, кеше «Прогресс М-62» жаңғырықсыз камераға әкелінген. Бүгін ғарыш кемесінің радиожүйесін тексеру жұмыстары басталды.

«Әріқарай вакуумдық камерада тексеру жүргізіп, технологиялық операциялар циклын орындау керек, осыдан кейін «Прогресс М-62″ ғарыш кемесінің қозғалтқышын жанармаймен және сұйытылған газбен толтыру үшін жанармай құю станциясына жөнелтіледі»,- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Ғарыш жүк кемесін ұшыруға дайындағаннан кейін оған экипаждарға арналған азық-түлік, су, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұру үшін жанармай, шығындалатын жүктер мен ғылыми құрылғылар тиеледі.

«Прогресс М-62» жүк транспорттық кемесін «Союз-У» зымыран тасымалдағышымен түйістіру үстіміздегі жылдың 23-желтоқсанына межеленген ұшырылымға бірнеше күн қалғанда жүргізілетін болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті