Жұмыс жаңа кестеге сай жүргізілуде. 28-қаңтар күні «Байқоңыр» федералдық ғарыш орталығының, бас кәсіпорынның және Байқоңыр ғарыш айлағының көлік-химиялық машина құрылысын пайдалануға беру және зерттеуден өткізу орталығының мамандары №31 алаңның жанармай құю станциясында «Прогресс М-63» жүк кемесінің қозғалтқыштарына жанармай және сығымдалған газбен толтыру жұмыстарын аяқтаған.
№112 алаңның монтаждық тексеру корпусында «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылуға дайындалуда. Зымыранды басқару жүйесінің дербес тексерулері өткізілуде.
«Прогресс М-63» жүк кемесін артқан «Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылуы 5-ақпан күні Астана уақытымен 19.03-ке белгіленген.
«Прогресс М-63» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми құрал-жабдық пен жанармай жеткізуі керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті