Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "АМС-14" ғарыштық аппаратын ұшырылымға дайындау кестесінің екінші күнгі жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "АМС-14" ғарыштық аппаратын ұшырылымға дайындау кестесінің екінші күнгі жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "АМС-14" ғарыштық аппаратын ұшырылымға дайындау кестесінің екінші күнгі жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындау кестесінің екінші күнгі жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі орталықтағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

  • 12 Наурыз 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» айлағында «Протон-М» зымыранын ұшырылымға дайындау жұмыстары жалғастырылуда. Ол американдық телекоммуникациялық «АМС-14» серігін орбитаға шығаратын болады.

Кеше «Протон-М» зымыран тасығышы темір жолмен №200 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалданды. Зымыран тасығыш жеткізіліп, №39 ұшырылым қондырғысына ұшырылым «үстеліне» тік күйінде орнатылды. Ғарыш айлағының мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша ұшырылымның бірінші күнгі жұмыс жоспарына кірісті.

Бүгін ұшырылым алаңында кестенің екінші күнгі операциялары жүргізілуде. Ғарыш айлағының мамандары күні бойы зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығын тексеріп, зымыранға май құюдың жұмыстарын шартты түрде жасайтын болады.

Ертең ұшырылым алаңында «Протон-М» зымыран тасығышы мен»АМС-14″ ғарыш апаратының ұшырылымға дайындық жұмыстарының үшінші күні өткізіледі.

Байқоңырдан «АМС-14» ғарыш аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына Астана уақытымен 5 сағат 18 минутқа межеленген.

«АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті