Жарияланды: 430

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Бүгін, 11-наурызда "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық және оны жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Федералдық ғарыш орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, дайындық жұмыстары мемлекеттік комиссияның ұшырылым туралы шешімінен кейін басталады.

Жоспар бойынша, зымыран тасығыш W3A ғарыш аппаратымен бірге 12-наурыз, жұмада 81-ші ұшыру алаңына шығарылуы тиіс. Ұшырылым 16-наурызға, Астана уақытымен 5 сағат 6 минутқа белгіленген. Бұл - "Протон" зымыран тасығышының коммерциялық сипаттағы 2004-жылғы тұңғыш ұшырылымы . Ол Ресейдің "Бриз" блогының көмегімен Еуропалық ғарыш агенттігінің қатысуымен жасалған W3A телекоммуникациялық жер серігін жоғары геостационарлық орбитаға шығару үшін ұшырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін