Байқоңырда құрлықаралық РС-18 баллистикалық зымыранының ұшырылымы жүзеге асырылды
Байқоңыр. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда құрлықаралық РС-18 баллистикалық зымыранының ұшырылымы жүзеге асырылды. Ресейдің стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің мүддесіне арналған құрлықаралық РС-18 баллистикалық зымыраны №175 -ші алаңның шахталық ұшырылым қондырғысынан бүгін Астана уақытымен 15 сағат 10 минутта қалыпты режимде ұшырылды. Зымыранды оқу мақсатында бүгін Астана уақытымен 13 сағат 40 минутта ұшыру жоспарлаған болатын. |
Алайда, техникалық себептерге байланысты ұшырылым екі сағатқа кейінге шегерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін