Негізгі құрамға Халықаралық ғарыш станциясының командирі, «Союз ТМА» бортинженері, «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясының ғарышкер-сынақшысы Федор Юрчихин; Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА» кораблінің командирі, Ресейдің мемлекеттік Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау жөніндегі ғылыми-зерттеу-сынақ орталығының ғарышкер-сынақшысы Олег Котов пен ғарыштық турист — АҚШ азаматы Чарльз Симони енді.
Ал қосалқы экипажға Халықаралық ғарыш станциясының командирі, «Союз ТМА» командирі Роман Романенко, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА» бортинженері, «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясының ғарышкер-сынақшысы Михаил Корниенко бекітілді.
Мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін дәстүрлі ұшырылым алдындағы баспасөз мәслихаты өтті. Экипаж мүшелерінің айтуынша, олар өз күштері мен «Союз- ФГ» зымыран тасығышы мен «Союз ТМА-10» ғарыш кораблінің сенімділігіне кәміл сененді.
Сонымен бірге экипаж бұрынғыдай таңертең емес, кешке ұшырылатындықтан ұшырылым алдындағы дайындықтардың кестесі де ауысты. Бүгін ғарышкерлер қызу дайындықтар жасап, ертең кешке 7-сәуірде экипаждар скафандрларды кию және ғарыш корабліне орналасу үшін №254 алаңға барады.
Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15 басты экспедицияның экипажы мен «Союз ТМА-10» кемесін алып ұшатын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының ұшырылымы 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша 23 сағат 31 минутқа белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті