Баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша бүгін кешке экипаж ғарышкерлерінің жаттығу жұмыстары аяқталғаннан соң, «Союз ТМА-12» ғарыш кемесі №31 алаңындағы отын құю станциясына жеткізіліп, ертең кеме қозғалтқышы жанармай компоненттерімен толтырылатын болады. Ғарыш айлағының мамандары кемені тасығыштың үстіне орнату жұмыстарына кірісті.
«ЦСКБ-Прогресс» бөлімшесінің мамандары №112 алаңында «Союз ТМА-12» кемесін ғарышқа алып шығатын «Союз-ФГ» РТ дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Қазіргі уақытта РТ пневмо-гидрожүйесі, өлшем жасау жүйесі, басқару жүйесінің сынағына дайындау жұмыстары мен зымыран тасығышының бірінші және екінші сатысының пакеттері құрастырылып жатыр», — деп хабарлады «Роскосмос» баспасөз қызметі.
«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесін «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясының Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуы ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажын жеткізбек. Ол экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков, Олег Кононенко және 14-ші экспедиция мүшесі Корея Республикасының азаматшасы Йи Сойон кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті