Ғарыш айлағы мамандары Байқоңырға 5-ақпанда жеткізілген «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
С. Королев атындағы «Энергия» ғарыштық-зымыран орталығы мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында кеме жүйесін автономды жағдайда тексеріп, енді кешенді тексеруге кірісті. №31 алаңның жанармай құю станциясында «Союз ТМА-12» ғарыштық кораблінің қозғалтқыш қондырғысына отан компоненттері мен сұйытылған газ құю жұмыстары басталды.
«Союз ТМА-12» пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа алып ұшуға арналған «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ғарыш айлағына жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Зымыран жеткізілгеннен кейін ғарыш құралын ұшыруға дайындаудың қарқынды кезеңі басталады.
«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.
«Союз ТМА-12» пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері — Корея Республикасының азаматы Сан Коны Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті