С.П. Королев атындағы «Энергия» ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералды ғарыштық «Байқоңыр» орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін жаңғыоықсыз камерада сынап көрді.
Ғарыш мамандары дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, «Союз ТМА-12» пилоттық ғарыш кемесінің жүйелерін тексеруге кірісті.
Ғарыш кемесі негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келгенге дейін дайын болуға тиіс.
«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция мен сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері — Корея Республикасының азаматы Сан Коны жеткізеді.
«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті