Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Байқоңыр. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

  • 20 Наурыз 2008
  • 403
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мамандар «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің қозғалтқыш құрылғысын жанармай компоненттерімен толтыру жұмыстарына дайындауда.

Бүгін «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының, бас кәсіпорынның және Самараның «ЦСКБ-Прогресс» кәсіпорынының Байқоңыр қаласындағы филиалының мамандары №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Союз-ФГ» зымыран тасығышының дайындық жұмыстарына кірісті. Оның көмегімен «Союз ТМА-12» ғарыш кемесі ғарышқа шығарылады.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесін ғарышкерлер экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуіріне белгіленген.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажын жеткізбек. Ол экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков, Олег Кононенко және 14-ші экспедиция мүшесі Корея Республикасының азаматшасы Ли Со Ен кіреді.

«Союз ТМА-12» ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипаждарының ғарыш кемесінде жаттығулар мен ұшу алдындағы дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Жұлдызды қалашықтан «Байқоңыр» ғарыш айлағына келуі келесі аптаның ортасына межеленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті