Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде
Байқоңыр. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықарлық ғарыш станциясына 2008 жылдың қазан айында ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералдық "Байқоңыр" ғарыштық орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін вакуум-камерада тексеруде.
Онда кеменің герметикалық қасиеттері мен корпусы тексереді.
Бұдан кейін "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кораблі тексерулерді одан әрі жалғастыру үшін стендке орнатылады.
Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын жеткізетін "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі 2008 жылдың 12 қазанында ұшырылады.
Қазір Жұлдыздар қалашығында 18-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажы ғарыштық сапарға дайындалуда. Экипаж құрамында Ресей ғарышкері Юрий Лончаков, американдық астронавт Эдвард Майкл Финк пен ғарыштық турист, 15-ші экспедицияның ғарышкері, АҚШ азаматы Ричард Гэрриот бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін