Байқоңырдағылар "Прогресс М-54" жүк кемесін ұшыруға қамдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдағылар  "Прогресс М-54" жүк кемесін  ұшыруға қамдануда

Байқоңырдағылар "Прогресс М-54" жүк кемесін ұшыруға қамдануда

"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Прогресс М-54" жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Роскосмос" Федералдық ғарыш агенттігі баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 31 Тамыз 2005
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Прогресс М-54» жүк кемесі 8-қыркүйекте ұшырылуға тиіс. Жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, азық-түлік, су және станциядағы сынақтарға арналған жаңа аппаратураларды жеткізеді.

Бүгін, 31-тамызда жүк кораблінің қозғалтқышына отын мен сұйытылған газ құю межеленген. Бұдан кейін жүк кемесі №254 алаңдағы монтаж-сынақ кешеніне қайтарылады.