Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында «Зенит-М» зымыран тасығышы мен Ресейдің «Космос» тобындағы жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының, транспорттық машина жасау бюросы мен украиналық мамандар «Зенит-М» зымыран тасығышы мен ғарыштық аппаратта ақырғы операцияларды жүзеге асыруда.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «алдағы ұшырылым өзінің құрылымы жағынан «теңіздегі ұшырылым» бағдарламасымен ұшырылатын «Зенит-3SL» зымыран тасығышына ұқсас «Зениттің» алғашқы ұшырылымы болмақ. Бұған дейін Байқоңырдан көнерген аналог жүйесіндегі басқарумен және басқа қозғалтқыш қондырғысы бар «Зенит-2» зымыраны ұшырылған. «Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығыштың бір басты ерекшелігі — ол екі сатылы, ал «теңіздегі ұшырылым» бағдарламасына сәйкес үшінші сатысы ретінде ДМ үдеткіш блогы бар зымыран ұшырылады», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы орайда еске сала кетсек, «Зенит-М» зымыран тасығышының «Космос» ғарыштық аппаратымен бірге ұшырылымы бұған дейін 45-ші алаңнан 2006 жылдың желтоқсаны мен 2007-жылдың қаңтарында екі мәрте кейінге шегерілген.
«Космос» ғарыштық аппаратын алып ұшатын «Зенит-М» зымыран тасығышының нақты ұшырылатын күні әзірге анықталған жоқ, ол алдын-ала маусымның аяғына белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті