Байқоңырдан мерейтойлық "Прогресс М-61" жүк кемесі Циолковскийдің суретін алып ұшады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан мерейтойлық  "Прогресс М-61" жүк кемесі Циолковскийдің суретін алып ұшады

Байқоңырдан мерейтойлық "Прогресс М-61" жүк кемесі Циолковскийдің суретін алып ұшады

БАЙҚОҢЫР. 25 шілде. Kazakhstan Today. Байқоңырдан мерейтойлық "Прогресс М-61" жүк кемесі Циолковскийдің суретін алып ұшады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Шiлде 2007
  • 664
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жүк кемесінің бас обтекателіне ғарыштану теориясының негізін қалаушы-ғалым К.Э.Циолковскийдің суреті орнатылады. 5-қыркүйекте ғалымның 150 жылдық мерейтойы атап өтілмек. Бұл 2007-жылы ұшырылған екінші мерейтойлық «Прогресс» болмақ: былтыр қаңтар айында «Прогресс М-58» жүк кораблінің ұшырылымы конструктор С.П. Королевтің 100 жылдығына арналған болатын. Онда да жүк кемесінің бас обтекателіне зымыран техникасының негізін қалаушының суреті орнатылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, №31 алаңның жанармай құю станциясында «Прогресс М-61» жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ компоненттерін құю аяқталды. Бүгін таңертең «Прогресс» №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, арнаулы стендке қойылды.

Алдағы тәуліктерде «Прогресс» жүк кемесінде ақырғы сынақтар жүргізіліп, сенбіде «Союз-У» зымыран тасығышымен түйістіру үшін бас обтекатель дайындалады.

«Прогресс М-61» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

«Прогресс М-61» жүк кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті