Байқоңырдан қыркүйекте екі ұшырылым жасалады деп жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан қыркүйекте екі ұшырылым жасалады деп жоспарланған

Байқоңырдан қыркүйекте екі ұшырылым жасалады деп жоспарланған

БАЙҚОҢЫР. 15 тамыз. Kazakhstan Today. Байқоңырдан қыркүйекте "Фотон-М-3" және JCSAT-11 ғарыштық аппараттарының екі ұшырылымы жасалады деп жоспарланған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 15 Тамыз 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Роскосмос» кәсіпорнының мамандары мен шетелдік тапсырыс берушілердің күшімен «Фотон-М-3» және JCSAT-11 ғарыштық аппараттарын ұшыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Шетелдік мамандар 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жер серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы өндірген, Жапония мен көршілес аймақтардағы тұтынушыларға телекоммуникациялық қызметтерді жапониялық JSAT Corporation компаниясы атты байланыс операторы көрсетеді. JCSAT-11 ғарыштық аппараты Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Жер серігі кем дегенде 15 жыл қызмет етуге тиіс. «Протон-М» зымыран тасығышы мен JSAT-11 ғарыштық аппараты 2007 жылдың 6- қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген.

112-ші алаңның монтаж-сынақ корпусында «Фотон-М-3» ғарыштық аппаратының кешенді тексерулері жүргізілуде. «Фотон-М-3″ғарыштық аппараты «Роскосмос» Федералдық ғарыш агенттігі мен Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) арасындағы келісім-шартының негізінде ұшырылады.

Үшінші реттік саны бар ғылыми «Фотон-М-3» жер серігі (бірінші «Фотон-М-1» 2003-жылы апат кезінде жойылса, екіншісі өз миссиясын 2005-жылдың мамыр-маусым айларында табысты атқарып шыққан) ресейлік және еуропалық конструкторлардың бірегей жобасы болып табылады және ол Самарадағы «ЦСКБ-Прогресс» зауытында жасалған. Ғарыштық аппараттың салмағы 6,5 тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Түсірілетін аппарат жерге 650 кг дейін салмағы бар ғылыми жабдықтарды қайта жеткізе алады. Жалпы алғанда «Фотон-М-3» аппаратында жалпы салмағы 640 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.

Жер серігі ғарыш кеңіс тігінде 12 тәулік бойы жұмыс істейді. Ұшырылымнан кейін «Фотон-М-3» түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді. «Фотон-М» ғарыштық аппараты мен «Союз-У» зымыран тасығышы 14 қыркүйекте ұшырылады деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті