Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигі қайта байланысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигі қайта байланысқа шықты

Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигі қайта байланысқа шықты

«Энергия» Ресей зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары 26 желтоқсан күні Байқоңырдан ұшырылған «Ангосат-1» спутнигімен қайта байланыс орнатты.

  • 29 Желтоқсан 2017
  • 251
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандар бірнеше күннен бері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен штаттық режимде ұшырылған «Ангосат» ғарыштық аппаратымен байланыс орната алмаған еді. Олар мұны хабарлағыш, цифрлық есептеуіш машина немесе батарея аккумуляторларының дұрыс жұмыс істемеуімен байланыстырды. Кейін Ресей зымыран-ғарыш корпорациясы спутникпен байланыс орнатып, одан телеметрия алғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 26 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппаратының штаттық режимде ұшырылғаны туралыхабарлаған болатынбыз.


«Ангосат» ғарыштық аппараты — Ангола Республикасы және бүкіл Африка континентін C- және Ku-диапазондар жиілігінде теледидармен қамтамасыз ету үшін құрастырылған геостационарлық спутник. Аталған аппарат Ангола Республикасы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорация» Бұқаралық акционерлік қоғамымен жасалынды. «Ангосат» ғарыштық аппаратының белсенді жұмыс істеуінің кепілді мерзімі — 15 жыл, оның салмағы — 1 685 кг.

Соңғы жаңалықтар