Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым Астана уақытымен сағат 16-да белгіленген мерзімде жүзеге асырылды. «Ресейдің қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен «Космос» сериялы жер серігі тірек орбитаға шығарылды, таяу уақыттарда тапсырыс иесіне өткеріп беріледі»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Феералдық орталықтың түсініктемесіне сәйкес, ұшырылымға дайындықтарды Халықаралық «Космотрас» ғарыштық компаниясы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігімен ықпалдаса іске асырды.
Осы орайда еске сала кетсек, «Зенит-М» зымыран тасығышының «Космос» ғарыштық аппаратымен бірге ұшырылымы бұған дейін 45-ші алаңнан 2006 жылдың желтоқсаны мен 2007-жылдың қаңтарында екі мәрте кейінге шегерілген.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «алдағы ұшырылым өзінің құрылымы жағынан «теңіздегі ұшырылым» бағдарламасымен ұшырылатын «Зенит-3SL» зымыран тасығышына ұқсас «Зениттің» алғашқы ұшырылымы болмақ. Бұған дейін Байқоңырдан көнерген аналог жүйесіндегі басқарумен және басқа қозғалтқыш қондырғысы бар «Зенит-2» зымыраны ұшырылған. «Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығыштың бір басты ерекшелігі — ол екі сатылы», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті