Жарияланды: 550

Байқоңырға 25 желтоқсанда ұшырылатын Ресейдің "Глонасс-М" навигациялық үш жер серігінің екіншісі жеткізілді

Байқоңыр. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға 25 желтоқсанда ұшырылатын Ресейдің "Глонасс-М" навигациялық үш жер серігінің екіншісі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ресейдің Железногорск қаласындағы "Академик М.Решетнев атындағы ақпараттық жер серіктері жүйесі" ААҚ кәсіпорнында жасалған "Глонасс-М" жер серігі "Юбилейный" әуежайына жүк таситын ұшақпен жеткізілді. "Глонасс-М" ғарыштық аппараты ұшақтан түсірілген соң қосалқы жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, ол жер аппараттың ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі. Бұл академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалып жатқан үш "Глонасс-М" ғарыш аппаратының екіншісі, және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс. Бірінші "Глонасс-М" жер серігі ғарыш айлағына 18 қарашада жеткізілген, қазір ол ұшырылымға дайындалуда, ал үшіншісі желтоқсанның басында жеткізілмек. 24 ғарыш аппаратынан құралған топ 2008 жылы толығуға тиіс. Жүйеге шетелдік тұтынушылар 2009 жылы ғана қол жеткізе алады. ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық мәнге ие. Ғарыш бағдарламаларының аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ГЛОНАСС жобасына бірлесе қатысу туралы келісім жасалған. Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 желтоқсанға межеленген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін