Королев қаласындағы зауытта жасалған «Прогресс М-64» жүк кемесі бүгін темір жолмен Төретам станциясына жеткізілді. Қажетті кедендік рәсімдеу процедураларынан кейін ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар темір жол тармағымен Төретамнан №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда ұшырылым алындағы дайындыққа дейін сақталады.
Жүк таситын «Прогресс» кемесін дайындау аясында 22 ақпанда ғарыш айлағына оны ғарышқа жеткізетін «Союз-У» зымыран тасығышы әкелінді.
«Прогресс М-64» жүк кемесін алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау шаралары 2008 жылдың сәуір айының басында басталады. «Прогресс М-64» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.
«Прогресс М-64» жүк кемесін алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын 2008 жылдың мамыр айында ұшыру межеленген.
Бұл Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын екінші жүк «Прогрессі». Бірінші «Прогресс-63» жүк тасымалдаушы кемесі 2008 жылдың 5 ақпанында ұшырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті